Меню

Реклама

  •  

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

     

    15.01.2009 Іс-шара: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы.

    Өткізілетін мерзімі: 2009 жылғы 15 қаңтар, бейсенбі, сағат 15.00.

    Баспасөз хабары

    2009 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовтің, туризм және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ведомстволық бағыныстағы ұйым басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті.

    Министр Темірхан Досмұхамбетов 2008 жыл бойынша министрлік қызметінің негізгі бағыттарын іске асыру туралы есеп берді. Атап айтқанда - дене шынықтыру және спорттың, туристік саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, отандық туризм және спорт инфрақұрылымын дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, елімізде тартымды туристік имиджді қалыптастыру, сонымен қатар бұқаралық спортты насихаттау. Туризм және спорт министрлігінің аталған іс-шараларды 2008 жылы іске асыру үшін нақтыланған бюджеті 26,7 млрд. теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындылары бойынша бюджеттің орындалуының жалпы көлемі есептік кезеңдегі қаржыландыру жоспарының 99,9 % құрады. Аса маңызды халықаралық оқиға – Қазақстаннның Картахена қ. (Колумбия) Дүниежүзілік туристік ұйымы (ДТҰ) Бас ассамблеясының 17-ші сессиясының жұмысына қатысуы болды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында алғаш рет Бас Ассамблеяның 18-ші сессиясын 2009 жылғы қазан айында, Астана қаласында өткізу құрметіне ие болды және Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясының Вице-Президенті болып ҚР Туризм және спорт министрі сайланды.

    Өткен жылдың қараша айының басында Алматы қаласында министрліктің БҰҰДБ және ДТҰ бірлесуімен Жібек жолы қалалары мэрларының 3-ші форумы өткізілді. Қабылданған Алматы декларациясы бұдан әрі ықпалдасудың, инвестиция тарту және «Жібек жолы» жобасына қатысушы елдер үшін бірыңғай туристік өнімді жылжытудың негізгі бағыттарын анықтады.

    Министр сонымен қатар Пекин қаласындағы 2008 жылғы ХХІХ жазғы Олимпиада ойындарында 13 медаль иеленген қазақстан спорттық делегациясының жарыстарын қорытындылады. Жалғыз министрлік емес, тұтастай мемлекет алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын өткізу екендігін министр атап айтты. Оның сөзі бойынша: «Азия құрлығында Азия ойындарының өткізілуі Қазақстан имиджіне ықпал жасайды және қысқы спорт түрлерінің инфрақұрылымын және елімізге келетін туристер санының өсуіне жағдай тудырады».

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009 жылға арналған дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы негізгі міндеттері анықталды:

    • Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындауды қамтамасыз ету;
    • ұлттық құрама командаларын Ванкувердегі (Канада) 21-ші қысқы Олимпиада ойындарында, Гуанджоудағы (ҚХР) 2010 жылғы 16-шы жазғы Азия ойындарында, Астана және Алматы қалаларында өтетін 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарында және Лондон қ. (Ұлыбритания) 2012 жылғы 30-шы жазғы Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсетулері үшін даярлау;
    • Қазақстан Республикасының 2-қысқы Спартакиадасын, 4-ші «Ақ бидай» ауылдық спорт ойындарын, 2-ші жазғы жастар спорттық ойындарын ұйымдастыру және өткізу;
    • Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын табысты өткізу үшін қажетті спорттық ғимараттарды қалпына келтіру және құрылыстары барысына бақылауды жүзеге асыру;
    • республика және облысқа бағынышты қалалар мен аудандарда үлгілік жоба бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
    • ведомстволық (салалық) спорттық қоғамдарды, клубтарды құру жөнінде ұйымдастыру-құқықтық іс-шараларын жалғастыру.

    2009 жылы туризм саласында министрлікпен келесі міндеттер анықталды:

    1. туризм саласының тұрақты өсу қарқынын бұдан әрі дамытуды қамтамасыз ету.
    2. Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас Хатшысын сайлау және әлемдік туристік саясаттың қалыптасуының шешуші мәселелері талқыланатын ДТҰ Бас ассамблеясының 18-ші сессиясын даярлау және өткізу.
    3. «Жаңа Іле», «Бурабай», «Ақтау-сити» халықаралық туристік орталықтарын және Түркістан қаласының инфрақұрылымын құру жөніндегі «серпінді» жобаларды іске асыру.

    Туризм және спорт министрі Кәрім Мәсімовтің назарын дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы мәселелерді шешуге аударды және бұқаралық спортты дамыту бойынша қойылған міндеттерді іске асыру үшін қаражат бөлу мәселесін қолдауды, сонымен қатар, еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушылардың өмірлік материалды қамтамасыз ету төлемдерінің мөлшерін 8 –ден 24 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін көтеру мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

    Бұдан басқа, министрліктің қызметі Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі бойынша туризм және спорт салаларындағы міндеттерді орындауға бағытталатын болады.

    2008 жыл бойынша атқарылған жұмыстарды қорыта келе, Темірхан Досмұхамбетов Елбасы және Премьер-Министр қойған барлық міндеттер мен тапсырмаларды министрліктің орындағанын атап айтты.

    ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

    Тел. 75 34 18, 75 33 47

     



  • На главную
     
     
    [© 2014 Туризм